Көшіп барам мен бүгін ауылымнан
Көшіп барам ағайын бауырымнан
Көшіп барам камазда қозғалады
Мынау менің ботадай боздағаным
Қайырмасы
Ауыл деген көңілдер ешқашан қартаймайтын
Дастархан сонда ғой ортаймайтын
Бәрібір мен қайта оралармын
Ағайындар біздерді әрдайым еске алыңдар
Туыстар көршілер жас кәрің бар
Біз үшін би билеп ән салыңдар2
Көшіп барам көшпеуге болар емес
Ауылыма бақ құсы қонар емес
Түбінде мен бәрібір оралармын
Бәйшешек боп қырыңда жаралармын.
Қайырмасы
Ауыл деген көңілдер ешқашан қартаймайтын
Дастархан сонда ғой ортаймайтын
Бәрібір мен қайта оралармын
Ағайындар біздерді әрдайым еске алыңдар
Туыстар көршілер жас кәрің бар
Біз үшін би билеп ән салыңдар2