Арманым алауына мас боп алдандым
Арбалдым, сонда да мен биік самғармын
Мөп-мөлдір жанарымда жас боп қалғанмын
Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған
Маған қалдыр жалғанның мұңын
Мен сыйлайын арманның гүлін саған
Өткен күннің бар жүгін артып
Қала берем ән-жырымды айтып саған
Шын құзға биігіне шығып самғардың
Жұлдызға жүрегімді соғып жырғанмын
Күйдіріп қанатымды отқа салғанмын
Жүрегіммен бақ тілеп тұрып саған
Маған қалдыр жалғанның мұңын
Мен сыйлайын арманның гүлін саған
Өткен күннің бар жүгін артып
Қала берем ән-жырымды айтып саған [x2]
Кетпесе де тағдырым жалығып
Жеткіземін жан сырын қайтіп саған
Махаббатым адал боп тұрар
Өртенсем де обал жоқ шығар маған