Am Dm
КЕЗДЕРДЕ КЕЙДЕ ҚАРА БҰЛТ АЙДЫ БҮКТЕГЕН,
Dm
ҮЙІМЕ ҮНСІЗ ТҰНЖЫРАП ҚАЙҒЫРЫП КЕЛЕМ.
E
ТАЛЫҚСЫП ЖАТЫП СОДАН СОҢ КЕТЕМІН ҰЙЫҚТАП,
Am
ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ...
Dm
Мінем де шабам алдымнан аңғарлар қаптап,
Таулардан орғып өтемін, заңғарларды аттап.
Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам,
E Am
Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!
Жосылтам, шіркін!Борайды жаңа өлең қардай.
—Тұлпарым қандай сол шақта және мен қандай?!
Аңсау бар жанда ес - түссіз! —Тым - тым алыста
Тек мені күтіп жатқан бір ақ әлем бардай ......
Аққу сындымын бүгінде айдыны — қырау.
Ақ әлемге барып жерлер ем қайғыны мынау.
–Өңіме қарап, апыр - ау, шаппайсың ба енді,
Түсімде көріп жүретін сәйгүлігім - ау!..