Шамшырағым
Айды көргің келе ме түнге ғашық?
Күнді көргің келе ме гүлге ғашық?
Ай да, күн де өзіңе тең келмейді,
Жарығым ау болғанмын кімге ғашық?
Қ/сы:
Сен деп білем егер де жанса бағым,
Балдай бакыт өзің деп тамсанамын.
Еркелеші ес түссіз таң самалым,
Тек сөнбеші өтінем шамшырағым...
Бар тапқаным өмірде ең керегім,
Сен жоқ жерде сағынып, сенделемін.
Жанымда жүр жарқыным өмір бойы,
Сенің маған керегің сөнбегенің....
Қ/сы:
Сен деп білем егер де жанса бағым,
Балдай бакыт өзің деп тамсанамын.
Еркелеші ес түссіз таң самалым,
Тек сөнбеші өтінем шамшырағым...
Айды көргің келе ме түнді сүйген,
Күнді көргің келе ме гүлді сүйген.
Ай да, күн де емессің жарығым ау
Мен соншама білмеймін кімді сүйгем
Қ/сы:
Сен деп білем егер де жанса бағым,
Балдай бакыт өзің деп тамсанамын.
Еркелеші ес түссіз таң самалым,
Тек сөнбеші өтінем шамшырағым...